Мемлекеттік субсидияны алу?а негізді бизнес жоспар

Несие алу кезінде жасырын комиссиялар бола ма?

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және Қарапайым заттар экономикасы аясында ЕДБ комиссия алмайды. Бұл талапқа жатпайтындар:

1) кәсіпкердің бастамасымен несие /қаржы лизингі шарты талаптары өзгерген жағдайда;

2) кәсіпкер несие/қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда;

3) лизингке алынған мүліккен тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизингті сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастаған жағдайда;

4) қаржы лизингі шартын орындауға байланысты (кедендік шаралар, лизинг мүлкін арнайы органдардың тіркеу, ЕДБ қызметтері сияқты бөгде ұйымдардың қызметтерін өтеу);

5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдер.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Егер қарыз валютасы теңгемен болмаса, мен субсидия ала аламын ба?

Субсидиялар теңгеей алынған жобалар бойынша ғана беріледі.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қандай мақсаттарға несие ала аламын?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында субсидиялар 100% инвестицияға беріледі, сондай-ақ айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы аясында несие сомасының 50% — ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған несиені субсидиялауға жол беріледі. Бұл шектеу ЕДБ/лизингтік компаниялар мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ несиені қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды.

«Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде субсидиялар инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

«Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша субсидиялар инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Сондай-ақ, бір кәсіпкер үшін 100% — ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 500 (бес жүз) млн теңгеге дейінгі несиелер (несие немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша қолда бар төлемдерді өтеу бойынша есеп айырысуларды қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) субсидиялауға жатады.

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға субсидиялауға жол беріледі.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Қарыздың ең максимал сомасы қандай?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында несие сомасына шектеу жоқ.

«Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында – 20 млн теңгеге дейін.

«Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында 3 млрд теңгеге дейін.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Мен қолда бар қарызымды қайта қаржыландыра аламын ба?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында санкцияларға ұшыраған ЕДБ/лизингтік компанияларды, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуды қоспағанда, басқа ЕДБ-дан қайта қаржыландыруға жол берілмейді.

«Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында басқа ЕДБ/лизингтік компаниядан қайта қаржыландыру көзделмеген.

«Кәсіпкерлерді / индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша бұрын субсидиялау қағидалары аясында мемлекеттік қолдау алмаған, ЕДБ/лизингтік компаниялар және несие серіктестіктер, қаржы ұйымдары 2 (екі) жыл ішінде берген несиелер/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған несие/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады. (Мерзім жоба Қаржы агенттігіне («Даму» Қоры) енгізілгенге дейін бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі.)

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялау қарастырылған ба?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында субсидиялау көзделген. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне + 4,5%, оның ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу, Өңдеу өнеркәсібі және қызметтер бойынша 7%-ын жеке кәсіпкер төлейді.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Осы бағдарлама бойынша қандай кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады?

Жеке кәсіпкерлік субъектілері (микро, шағын және орта бизнес) бағдарламаға қатыса алады.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Салалық шектеулер бар ма?

Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, сондай — ақ сауда саласындағы (тамақ өнімдерін сатуға жол беріледі) салалық шектеулерсіз «микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде жүзеге асырылады. Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, жобаларды моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Субсидиялау қағидаларына қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алмағанда, Республикалық маңызы бар қалаларда/облыс орталықтарында «кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында экономиканың басым секторларында жүзеге асырылады. Елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар кәсіпкердің іске асырылатын жері мен тіркелген жері ескеріле отырып, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Бұл ретте елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер бойынша 100 млн теңгеден аспайтын сомаға айналым қаражатын толықтырған жағдайда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Субсидия деген не?

Субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны. Ол бойынша кәсіпкердің ЕДБ/ЛК арқылы алған несие /лизинг мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекет өтеп береді.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Мен қанша жылға субсидия ала аламын?

Егер сіз инвестиция үшін несие алсаңыз, бұл жағдайда субсидия мерзімі 5 жылға дейін болады. Егер айналым қаражатын толықтыру мақсатында несие алынған болса, онда бұл жағдайда субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін болады.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Субсидияны қалай алуға болады?

Сізге бизнесіңізге қолайлы бағдарламаны таңдап, барлық қажетті құжаттарды жинап, ЕДБ/Лизингтік компанияға жүгіну қажет. ЕДБ/ЛК-ға өтінім берген кезде мамандар оны сараптап, әсіресе заңдық  тұрғынан тексеріп, қаржылай жағдайына талдау жасап, төлем қабілетін және қаржыландыруға болатын-болмайтынын тексереді. Сондай-ақ кепілзаты бар-жоғы секілді өзге де стандартты процедураларды жүргізеді. Бұдан әрі қабылданған шешімнен кейін ЕДБ сіздің құжаттарыңызды «Даму» Қорына жібереді/ ал ЕДБ-ның оң шешімі бар кәсіпкер/ЖК несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендететін субсидия алу үшін «Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасын» толтырып, «Даму» қорына жүгінеді. Қор өз кезегінде сіздің жобаңызды 5 жұмыс күні ішінде қарайды. Бұдан әрі оң шешім қабылданған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылады.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Субсидия қандай мақсаттарға беріледі?

«Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша несие/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатпайтын жобалар:

1) мемлекеттік даму институттары арқылы несие алған, ЕДБ/ЛК несие/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, субсидиялау қағидалары аясында сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған несие/лизингтік мәмілелер;

2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

3) овердрафт түрінде;

4) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;

5) ломбардтардың, микроқаржылық, факторингтік ұйымдар мен лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Өз қаражатын салу деген не?

Қазіргі кезде «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаға» қатысу үшін кәсіпкердің жобаға өз қаражатын салуы талап етілмейді.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағына не кіреді?

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын мемлекеттік қолдау және қолдану мақсатында егер:

1.    есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметте;

2.    акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу;

3.    астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау жөніндегі қызмет;

4.    лотерея ойнату;

5.    ойын бизнесі;

6.    радиоактив материалдар айналымына байланысты қызмет;

7.    банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлері) мен сақтандыру нарығы (сақтандыру агентінен басқасы) қызметі;

8.    аудиторлық қызмет;

9.    құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

10. несие бюросының қызметі;

11.               Күзет қызметі;

12.               Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметпен айналысса дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп тануға болмайды.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Субсидия қандай мақсаттарға беріледі?

Субсидиялар инвестиция және/немесе айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

Инвестиция мақсаты – негізгі құралдарды сатып алу, кеңейту, жаңғырту, оның ішінде жабдықтарды, негізгі құралдарды сатып алу, өндіру және/немесе қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасау.

Айналым қаражатын толықтыру – тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу, жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу, жалақы төлеу, үй-жайды жалға алу ақысы, коммуналдық қызметтерді төлеу және салық төлеуді қоса алғанда, жүріп тұрған жұмысты қаржыландыру.

«Кәсіпкерлерді / индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында ЕДБ/лизингтік компаниялар және несие серіктестіктері, қаржы ұйымдары бұрын 2 (екі) жыл ішінде берген несие /қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған несие/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады (мерзім бірінші несие /лизинг берілген күннен бастап есептеледі) жобаны Қаржы агенттігіне енгізгенге дейін және субсидиялау қағидаларының өлшемдеріне сәйкес келетін жағдайларда жүзеге асырылады.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Ұлттық жоба бағдарламасының бағыттарының айырмашылығы неде? Мен қай бағытты таңдауым керек?

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 — 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары – несие сомасы, шешім қабылдау деңгейі («микро-және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейдегі банк немесе «Даму» Қоры «кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында дербес) және бизнестің саласы бойынша ерекшеленеді.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Субсидия беру ақылы ма?

Субсидия беру – тегін.

Ақпарат пайдалы болды ма?
     адам ақпаратты пайдалы санады

Товары

1 — 18 из 19

Начало | Пред. |

1

2
|

След. |
Конец

Филиалдар

Шымкент қаласы және
Түркістан облысы

Шығыс
Қазақстан
облысы

Ұлытау
облысы

Солтүстік
Қазақстан
облысы

Павлодар
облысы

Маңғыстау
облысы

Қызылорда
облысы

Қостанай
облысы

Қарағанды
облысы

Жетісу
облысы

Жамбыл
облысы

Батыс
Қазақстан
облысы

Атырау
облысы

Алматы
облысы

Ақтөбе
облысы

Ақмола
облысы

Абай

облысы

Шымкент қаласы және Түркістан облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы

2001-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 48 млрд теңге, сондай-ақ жалпы сомасы 30,7 млрд теңгеге 3385 бірліктен астам техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Филиалдың директоры — Нышанов Алтынбек Андирович

Филиалдың координаттары:

Мекен-жайы: Шымкент қ., Д.Қонаев д-лы, 3/3, 3 қабат

Телефоны: 8 (7252) 98 40 10, 98 40 11, 98 40 12, 98 40 13

E-mail: uko@kaf.kz

Түркістан облысындағы өкілдік:

Несие бойынша маман — Ишкулов Айбек Абдазизович 

Өкілдік үйлестірушілері: Түркістан, Б.Саттарханова, 33

Телефон: 8-776-071-0907

Шығыс Қазақстан облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 

2000-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 69 млрд теңге, жалпы сомасы 56 млрд теңгеге 6700-ден астам техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Филиалдың директоры — Жақыпов Ержан Замашұлы

Филиалдың координаттары:

Өскемен қ., Сәтпаев даңғ., 62, офис — 404, 406, 410, 411

Телефоны: 8 (723) 2 49-24-77, 49-24-76

E-mail: y.zhakupov@kaf.kz

Ұлытау облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы

2000-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 162 млрд теңге, сондай-ақ жалпы сомасы 141 млрд теңгеге 7 137 бірліктен астам техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Филиалдың директоры — Сыздыков Бейбут Айбасович

Филиалдың координаттары:

Мекен-жайы: Петропавловск қ., Букетов к. 31А

Телефоны: 8 (715) 2 63 10 30, 63 10 31, 63 10 32, 63 10 33, 63 10 34

E-mail: sko@kaf.kz

Павлодар облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Павлодар облысы бойынша өкілдігі

2004-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 3834 техника мен құрал-жабдық сатып алуға 100,2 млрд.теңге инвестициялады.

Өкілдіктің координаттары:

Павлодар қ., Луговая көшесі 16

Филиалдың директоры — Алпысбай Байсал Аманоллаұлы

Телефоны: 8 (718) 2 77 00 66, 77 00 67, 77 00 68, 77 00 69

Пошта: b.alpysbay@kaf.kz

Қабылдау: g.nogomanova@kaf.kz

Маңғыстау облысы

Бұл аймаққа «ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысындағы филиалының қызметкерлері қызмет етеді

2010-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 20 техника мен құрал-жабдық сатып алуға 192,9 млн.теңге инвестициялады.

Мекен жайы:

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы, 29 шағын аудан, 225 корпус, 3 қабат

Телефоны: 8 702 587 24 23

E-mail: a.kondybayeva@kaf.kz

Қызылорда облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы

2004-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 50 миллиард теңгеден астам инвестиция, сондай-ақ жалпы сомасы 43 миллиард теңгеге 2250-ге жуық техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Мекен-жайы:

Қызылорда қ. Қонаева, №33, 2 қабат

Филиал директоры – Қарақожаев Оразбек Файзуллаұлы

Телефон: +7 (724) 2 55 13 02, +7 (724) 2 55 13 03, +7 (724) 2 55 13 04

Пошта: o.karakozhayev@kaf.kz

Қабылдау: d.kozhabayeva@kaf.kz 

Қостанай облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы

2000-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 141,8 млрд теңге, жалпы сомасы 124,7 млрд теңгеге 7038 бірліктен астам техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Филиалдың директоры — Қарайдаров Әлібек Айдарқанұлы


Филиалдың координаттары:

Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, 1111 бөлме, 11 қабат 

Телефоны: +7 ( 714) 2 999-770, +7 ( 714) 2 99 97 73

Пошта: a.karaidarov@kaf.kz

Қабылдау: g.aisagaliyeva@kaf.kz

Қарағанды облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы

2000 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңге «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қарағанды ​​облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 58,4 млрд теңге, жалпы сомасы 40,8 млрд теңгеге 3808 бірліктен астам техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Филиалдың директоры — Тоғызбаев Данияр Әбдәкімұлы

Филиалдың координаттары:

Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғ., 53/1, СҮ «Дәулет» 4 қабат

Телефоны: +7 (721) 2 92 24 10, +7 (721) 2 92 24 09, +7 (721) 2 92 24 08, +7 (721) 2 92 24 07

E-mail: krg@kaf.kz

Жетісу облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

2000-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жетісу облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 100 млрд теңге, жалпы сомасы 36,9 млрд теңгеге 5132 бірліктен астам техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Мекен-жайы:

Талдықорған қаласы, 7 шағын ауданның ғимараты 10, «Көктем гранты» 7 қабат

Филиал директоры – Арыстанбай Мирас Ғабитұлы

Телефон: +7 (7282) 55 86 80

Пошта: m.arystanbay@kaf.kz

Қабылдау: ay.imasheva@kaf.kz

Жамбыл облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

2000-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 21,5 млрд теңге инвестициялады, оның ішінде жалпы сомасы 20,3 млрд теңгеге 7,7 мың бірлік техника мен құрал-жабдықтар шығарылды, сондай-ақ 32 инвестиция іске асырылды. жобалар.

Филиалдың директоры — Исмаилова-Есжанова Жанар Шаймерденовна

Филиалдың координаттары:

Тараз, көш. Сүлейменова 17

Телефоны: +7 (726) 2 99 92 22, +7 (726) 2 99 92 21, +7 (726) 2 99 92 23

Пошта: zh.ismailova@kaf.kz

Қабылдау бөлмесі: a.baiman@kaf.kz

Батыс Қазақстан облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 

2000-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 38 млрд теңге, жалпы сомасы 34 млрд теңгеге 5672-ден астам техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Филиалдің директоры — Ихсанов Мұрат Ануарұлы

Филиалдің координаттары:

Орал қ., С. Датов көшесі, 28

Телефоны: 8 (711) 2 96 00 30, 96 00 31, 96 30 32, 96 30 33

E-mail: m.ikhsanov@kaf.kz

Қабылдау бөлмесі: a.usmanova@kaf.kz

Атырау облысы

Бұл аймаққа «ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысындағы филиалының қызметкерлері қызмет етеді

2000-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 5,4 млрд теңге, жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге 1127-ден астам техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Мекен жайы:

Атырау қ., Владимирская к-сі, 20Д, 2 қабат

Телефоны: 8 (7122) 763621, 763622, 763623

E-mail: zh.bissembekova@kaf.kz

Астана

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Астана қаласы бойынша филиалы

Филиалдың директоры – Әубәкіров Бауыржан Қайратұлы

Филиалдың координаттары:

Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі 6/1, 193 кеңсе, 19 қабат.

Телефоны: +7 (7172) 59-28-69

Орталық аппараты

Пошталық мекен-жайы: 010000 Қазақстан Республикасы, Астана қ., Кенесары көшесі 51, КҚ-4

Электрондық адресі: b.aubakirov@kaf.kz

Телефоны: Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 58-04-37 / 38

Алматы облысы

««ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы

Филиалдың директоры – Абжалов Ермек Шораевич

Филиалдың координаттары:

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142, «Қайсар» бизнес орталығы.

Телефоны: +7 (727) 2 95 93 50, +7 (727) 2 95 93 51

E-mail: e.abzhalov@kaf.kz

Қабылдау бөлмесі: i.bekbembetova@kaf.kz

Ақтөбе облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы

2000-2021 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 47,8 млрд теңге, сондай-ақ жалпы сомасы 31,7 млрд теңгеге 3906 бірліктен астам техника мен құрал-жабдықтарды инвестициялады.

Филиалдың директоры — Тұрсынбекұлы Азамат

Филиалдың координаттары:

Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 77, 5 қабат.

Телефоны: +7 (713) 2 92 11 81, +7 (713) 2 92 11 82

E-mail: a.tursynbekuly@kaf.kz

Қабылдау бөлмесі: g.zhumanova@kaf.kz

Ақмола облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы

Барлығы 2000-2021 жж «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 178 миллиард теңгеге жуық инвестиция, 8900-ден астам техника мен құрал-жабдықтарды жалпы сомасы 143 миллиард теңгеге инвестициялады.

Филиалдың директоры – Жунусов Абай Куанышпаевич

Филиалдың координаттары:

Көкшетау қ.,Абай көш., №96 үй, каб. 702-704, БО GreenWhich.

Телефоны: 8 (716) 2  91 00 30, 91 00 31, 91 00 32, 91 00 33, 91 00 34, 91 00 35.

E-mail: akm5@kaf.kz

Абай облысы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы

Филиалдың директоры – Нишанбаев Олжас Сейфуллаевич

Филиалдың координаттары:

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142, «Қайсар» бизнес орталығы.

Телефоны: 8 (727) 2 95 93 50,95 93 51, 95 93 52.

E-mail: o.nishanbayev@kaf.kz

Қабылдау бөлмесі: a.tanzharikova@kaf.kz

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бағдарлама) және «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын кредиттеу және қаржылық лизинг механизмі шеңберінде портал арқылы кредиттер бойынша мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болады: (қажетті құжаттар):

  1. Порталға тіркеліңіз және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз.
  2. Электронды нысандағы өтінімді толтырыңыз.
  3. Келісім нысандарының электронды нысанын толтырыңыз.
  4. Банктің/Лизингтік компанияның кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу мүмкіндігі немесе Бағдарламаға/Механизмге қатысуға мүмкіндік беретін шарттар бойынша кәсіпкердің қаржылық лизинг шарты/кредит бойынша сыйақы мөлшерлемені төмендету туралы оң шешімі бар электронды көшірмені (сканерленген көшірмени) бекіті.
  5. Кәсіпкердің жобасын іске асыруға арналған бизнес-жоспардың электронды көшірмесін (сканерленген көшірмесін) немесе жоба бойынша сараптамалық қорытындыны (техникалық-экономикалық қорытынды/банктің/лизингтік компанияның тиісті қызметкерінің экономикалық қорытындысын, егер олар болмаған жағдайда) құжаттар, жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар).
  6. Тауарлардың бір мемлекеттің аумағынан — Кеден одағының мүшесінен екінші мемлекет — Кеден одағының мүшесіне (егер ол бар болса) аумағынан өтуін растайтын жүк құжаттарының электрондық көшірмесін (сканерленген көшірмесін) бекіту.
  7. Соңғы есепті кезеңде валюталық кірістердің тиісті деңгейінің бар екендігін растайтын құжаттырдың электронды көшірмесі (сканерленген көшірме) (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда).
  8. Өтінімге ЭЦҚ-ға (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
  9. Жеке кабинеттің «Қызмет алу тарихы» бөлімінде жазба арқылы статус бетіне өтіңіз және өтінімді мақұлдаңыз.
  10. Жеке кабинетте өтінімді қарау нәтижелерімен танысу.
  11. Құжаттар порталынан қызмет көрсету нәтижелерімен жүктеп алыңыз және басып шығарыңыз.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/және кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, кәсіпкерлік субъектісінің санатын, кәсіпкерлік қызметінің табысы туралы ақпаратты, бюджетке төленетін міндетті берешектің болмауы бойынша мәліметтер «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттк ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде анықталады.

Заңды тұлғаның порталы арқылы сұрау салуды жүзеге асырған кезде, басшы мен заңды тұлғаның барлық құрылтайшылырын міндетті түрде келісуі талап етіледі, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылатын болса, құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға басшысының келісуі қажет болады.  

Келісу нысаны барлық қатысушыларға және басшылық порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Келісуді растау үшін қатысушы немесе басқарушы үшін жасалатын заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолымен келісу нысанына қол қою қажет.

Қызметті «Даму» КДҚ АҚ қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, (көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама («электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден);
  2. көрсетілетін қызметті алушы жобасының бизнес-жоспары, онда мыналар қамтылады:
  • бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);
  • көрсетілетін қызметті беруші субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

Тетік бойынша:

  • жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;
  • жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);
  • жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

4. соңғы есепті кезеңге валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда).

 №

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

   

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы*

15 000

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

100 000

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып алынған бас

150 000

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

Сатып алынған бас

4.1

Отандық

150 000

4.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

225 000

4.3

Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

30 000

5.

Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу

150 000

6.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

Тірідей салмағы, килограмм

200

7.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату

Өндірілген сиыр етінің килограмы

175

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

 

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу

   

1.1

Бір жынысты

Сатып алынған доза

10 000

1.2

Қос жынысты

5 000

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

   

2.1

Отандық 

Сатып алынған бас

200 000

2.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

225 000

2.3

Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

400 000

3.

Сүт өндіру құнын арзандату:

3.1

Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

Өткізілген немесе өңделген килограмм

45

3.2

Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

30

3.3

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

20

3.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі

20

4.

Ірі қара малдың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату

Дана

80 000

5.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау

Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас

5000

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

Сатып алынған бас

600

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату

2.1

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

Өткізілген килограмм

80

2.2

10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

70

2.3

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

60

2.4

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

50

3.

Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату

4.

Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату

40

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

60

2 Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) Өткізілген дана 3

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/ шағылысу маусымы

4 000

1.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

2.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

Сатып алынған бас

15 000

2.1

Импортталған асыл тұқымды аналық қойларды сатып алу

30 000

2.2

Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу

150 000

3.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

Бас/шағылыстыру маусымы

10 000
4.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату

Өткізілген бас

3000

5.

Қойлардың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату

Дана

80 000

6.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау

Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы

1 500

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

Сатып алынған бас

100 000

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

сатып алынған бас

100 000

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

Сатып алынған бас

140 000

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

Бас/ шағылыстыру маусымы

40 000

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

1.

Маралдардың (бұғылардың) аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Бас/шағылыстыру маусымы

10 000

2.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Балара ұясы/маусым

5000

3.

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату **

Бас  

4.

Ешкілердің асыл тұқымды аналық басын сатып алу

Сатып алынған бас

40 000

5.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

Килограм 60
6. Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату Килограм 55

Ескертпе:

Жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды, ірі қара малдың және қойлардың эмбриондарын сатып алу бекітілген нормативтерге сәйкес субсидияланады, ал бекітілген нормативтен сатып алу құнының жартысы асып кеткен жағдайда, субсидиялау сатып алу құнының 50% — ына тең мөлшерде жүзеге асырылады.

Сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 100%-на дейін субсидияланады, бірақ бекітілген нормативтерден аспайды.

Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды/тұқымдық қошқарларды тауарлық табынға/отарға одан әрі жалға беру кезінде өтінім беруші етті мал шаруашылығындағы/қой шаруашылығындағы оператор болып табылады. Аналық мал басына арақатынасты есептеу бір тұқымдық аталыққа (асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарды қоспағанда) кемінде 13 аналық басты құрайды және 25 аналық мал басынан аспайды.

Асыл тұқымды тұқымдық айғырлар мен тұқымдық түйелерді сатып алу аналық мал басы бар болған кезде субсидияланады. Аналық мал басының арақатынасын есептеу бір тұқымдық аталыққа кемінде 8 аналық басты құрайды және 15 аналықтан аспайды.

Дереккөз: Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 бұйрығымен.

Субсидия: оны қалай алуға болады?

Кәсіпкерлерден бизнесін дамытуға не кедергі екендігін сұрағанда олар көбіне банктік ставкалардың тым жоғарылығын алға тартады. Әйтсе де, мемлекет банктерден сыйақы ставкасын төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені, банктер – нарық құралдары. Олар бәсекелестік ортада жұмыс жасайды, сондықтан қызметінің бағасын өздері белгілейді.

Атап айтқанда, банктік ставка, яғни банктік мөлшерлеме инфляция деңгейінен, банктің өзі тартқан ақшасының құнынан, сол сияқты банктердің несиелеу барысында мойнына жүктейтін тәуекел көрсеткішінен тұрады.

Бірақ, мемлекет ел экономикасы үшін аса маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл шара пайыздық мөлшерлемені субсидиялау деп аталады және ол қазір әлемнің көптеген елдерінде экономиканың басымды секторындағы өнім өндірушілерге көмек көрсету барысында кеңінен қолданылуда. Қазақстанда қазір субсидиялар ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындар үшін бөлінуде. Енді несие құнын өзге де өндіріс компаниялары төмендете алады.

Сонымен, субсидия дегеніміз не? Оны кімдер және қалай алады? Нендей құжаттар жинақталады? Біз осындай және өзге де сауалдармен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Роза Байсалықоваға жолыққан едік.

— Роза Мұқанбетқызы, алдымен субсидия дегеніміз не? Мұны кейбіреулер аспаннан жауып жатқан ақшадай көреді.

— Жоқ, олай емес, әрине. Бірақ, бұл мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған үлкен қолдау. Мәселен, сіз жылына 14 пайыздық ставкамен несие алдыңыз. Оның жеті пайызын өзіңіз төлейсіз де, қалған жартысын мемлекет тегін өтеп береді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы субсидия дегеніміз, міне, осы. Өз ісін дамытуға ұмтылушыларға бұл мүмкіндікті барынша пайдаланып қалған жөн.

— Енді, осы субсидияны қандай несиелер бойынша алуға болады?

— Субсидияны өндіріс орнын жаңартып, модернизациялау мен кеңейтуге бағытталған қолданыстағы және жаңадан басталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға берілген банктің жаңа несиелері бойынша алуға болады. Жаңа несиелер қатарына 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген несиелер де жатқызылады.

— Өзіңіз айтқандай, субсидия аспаннан жауып жатқан тегін ақша емес. Демек, оның да берілмейтін реттері бар шығар.

— Оны да таратып көрелік. Яғни, субсидия төмендегі несиелер бойынша берілмейді:

— мемлекеттік даму институттары тікелей кредитор болып отырған, құнына қосымша салық (акциз) қосылатын тауарлар шығаруға берілген несиелер бойынша;

— мемлекеттік даму институты тікелей кредитор болса;

— сіздің кәсіпорныңыз минералдық шикізатты қайта өңдеуден өткізетін металлургиялық өндіріс қатарына жатса және ҚР Үкіметі 2008 жылдың 31 желтоқсанында қабылдаған Қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізімінде болса, несие бойынша кепілдік ала алмайсыз;

— ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге қаржы ұйымдары тарапынан субсидиялау берілген болса;

— тау-кен өнеркәсібі кәсіпорнына жатқызылатын кәсіпкерлерге.

Міне, осы реттерде мемлекеттік субсидия берілмейді.

— Тағы бір сауал субсидияның қандай мерзімге берілетіндігіне байланысты туындайды.

— Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі аралықты қамтиды. Оның үстіне, әрі қарай 10 жылға ұзарту мүмкіндігі де ескерілген.

— Ал, бұл ретте несие көлемі қанша болуы керек?

— Егер сіз бір жоба аясында 3 млрд. теңгеге дейінгі мөлшерде несие алатын болсаңыз, онда несиенің барлық сомасының пайыздық ставкасы бойынша субсидия ала аласыз. Егер несие көлемі бұдан көп болса, онда дәл осындай жолмен 3 млрд. теңгеге дейінгі несие сомасының ставкасы бойынша субсидия аласыз. Ал, несиенің қалған бөлігі бойынша төленетін сыйақы түгелдей өз мойныңызда.

Кеңірек түсіндіріп көрелік. Мәселен, сіз бір жоба бойынша жылына 14 пайыздық ставкамен 5 млрд. теңге көлемінде несие алдыңыз делік. Егер мемлекет сіздің жобаңыздың ставкасын субсидиялауды мақұлдап берсе, онда:

— несиенің 3 млрд. теңгесі үшін сіз жылына 7 пайыз төлейсіз (қалған 7 пайыз көлемінде мемлекеттік субсидиялауды ескере отырып);

— ал, қалған 2 млрд. теңге үшін жылына 14 пайыз төлейсіз.

Бұл арада несие сомасы кәсіпкермен біріккен тұлғаның, яғни компанияның несиесі бойынша қордаланған қарызды тіркеуге алмай есептелінеді.

— Сонда, мемлекет өзіне пайызды төлеу шығынының қай бөлігін жүктеп отыр? Осы арасын тағы бір айқындап берсеңіз.

— Өткен, яғни 2010 жылы номиналдық ставкасы жылына 14 пайыздан аспайтын несиелер субсидияланады. Оның ішінде 7 пайыздан аспайтын бөлігін кәсіпкердің өзі төлейді, ал қалған жеті пайызын мемлекет өтеп береді. Егер несиенің сыйақысы 14 пайыздан төмен болса, онда арадағы айырманы кәсіпкердің өзі төлейді.

Өткен жылғы 1 қаңтардан бастап берілген жылдық ставкасы 14 пайыздан жоғары қолданыстағы несиелер бойынша да субсидия алуға болады. Бұл үшін сіз банкпен номиналдық сыйақы ставкасын жылына 14 пайызға дейін төмендету жөнінде келісуіңіз керек.

— Енді субсидиялау барысындағы банктің комиссиялық сыйақысы қандай болуы керектігі туралы айтып өтсеңіз.

— Банк несиеге қатысты төменде көрсетілген комиссиялардан өзге ешқандай да алым немесе комиссиялық сыйақы талап ете алмайды:

— жеке кәсіпкерлік субъектісі ұсынысымен несиелеу талаптарын өзгертуге қатысты алымдарды және бизнес иесі тарапынан несие бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда төленетін комиссияларды ескермегенде.

— Жобаға міндетті түрде өз қаражатымен қатысу шарт па? Солай болғанда оның мөлшері қанша?

— Мемлекеттік субсидиялаудың нақты талабы – қолға алынбақшы жобаға кәсіпкердің де өз үлесін қосуы. Жалпы, қайталап айтқанда, субсидиялау аспаннан жауып жатқан сұраусыз ақша емес. Ол ел экономикасына қажетті, арнаулы кәсіпкерлік бағдарламаларды жүзеге асыруға керекті жобаларды бастаған бизнес иесіне қолдау көрсету үшін жасалып отыр. Яғни, әр бизнес иесі өзінің қаржылық әлеуетін де көрсетуі керек.

Сондықтан, жеке кәсіпкерлік субъектісі мұндай жобаға оның жалпы құнынан 15 пайыздан кем болмайтын сомадағы өз қаражатымен немесе құны жобаның жалпы бағасының 25 пайызынан кем емес сомадағы мүлкімен қатыса алады.

— Ал, осы бағдарламаға қатысу үшін нендей міндетті талаптар бар?

— Бағдарламаға қатысу үшін міндетті екі талап бар. Яғни:

— бағдарламаға қатысу барысында салық тұрғысынан, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударылымдар бойынша қарыз болмауы керек;

— жеке кәсіпкерлік субъектісінің жобасы субсидиялауға қаражат бөлінген өңір аумағында жүзеге асуы тиіс.

— Біз біртіндеп кәсіпкерлерге қажетті нақты сауалға жақындап келеміз. Енді осы субсидияны қалай алуға болады?

— Біріншіден, банкке жаңа несие беру жөнінде өтініш түсіру керек. Егер сіздің қолыңызда игеріліп жатқан несие бар болса, онда субсидия алу жөніндегі арызыңызды және субсидия беру мақұлданған жағдайда несие бойынша пайыздық ставканы тиісті деңгейге дейін төмендету туралы өтінішіңізді қоса беруіңіз керек. Өтініш үлгісін «Даму» қорының сайтынан ала аласыз: www. damu. kz.

Екіншіден, егер банк несие беру жөнінде және пайыздық ставкаларды төмендету туралы оң шешім шығарып жатса, онда сіз әкімдікке жүгіне аласыз.

Үшіншіден, қажетті құжаттар мен мәліметтерді толық жинап алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде сіздің жобаңызды аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарауына жібереді. Кеңес субсидиялау мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі жөнінде шешім қабылдайды.

Төртіншіден, сіздің жобаңызды АҮК мақұлдап жатса, әкімдік кеңес шешімін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне жібереді.

Бесіншіден, АҮК шешімімен танысқан министрлік сіздің жобаңызды не бекітеді, не қайтарып береді. Бұл жайында әкімдікті құлақтандырады.

Алтыншыдан, министрліктен жоба бойынша мәлімет алған әкімдік сізді, банкті және «Даму» қорын шығарылған шешіммен таныстырады.

Жетіншіден, банк сіздің жобаңызды бекіткені жөнінде министрліктің хатын алған соң субсидиялау жөнінде сізбен, банкпен және «Даму» қорымен үш жақты шарт жасалады.

Сегізіншіден, әрі қарай сіз субсидияланбайтын пайыздық ставка бойынша банктің сыйақысын өтеуді банкпен арада жасасқан шартқа сай жүргізе бересіз.

Ақырында, тоғызыншыдан, егер сіз қандай да бір себептермен несие бойынша дер уақытында төлем жасауды тоқтатқан болсаңыз, онда субсидия бойынша жасалатын төлемдер де уақытша тоқтатылады. Ал, әрі қарай мүлдем тоқтатылуы мүмкін.

— Осы орайда анықтап алатын тағы бір жай – несие бойынша субсидия төлеу қандай жағдайда тоқтатылады?

— Нақты айтқанда, субсидиялау төмендегідей жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:

— субсидияланатын несие мақсатсыз жұмсалып жатса;

— жеке кәсіпкерлік субъектісі үш ай қатарынан банк алдындағы міндетті өтемдерін төлей алмаса;

— несие мерзімінен бұрын толық өтеліп жатса;

— АҮК «Даму» қорының немесе әкімдіктің өтінішімен (ескертуімен) тиісті шешім шығарып, министрліктің келісімін алып жатса.

Жалпы, субсидия төлеу жөнінде аймақтық үйлестіруші кеңес шешім шығарғанға дейін субсидия төлеуді «Даму» қоры тоқтата алады.

— Жоғарыда субсидия алу жөнінде біраз мағлұмат бердік. Ол біздің кәсіпкерлерімізге де, өз ісін жаңа бастауға ұмтылушыларға да көмек болмақ. Енді осы субсидияны алу үшін қандай құжаттар қажет?

— Біріншіден, кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуден өткені жөнінде куәлігі (мөр басылып, кәсіпкердің қолы арқылы куәландырылған көшірмесі).

Екіншіден, лицензия, егер қызмет түрі оны алуға тиіс болса (мөр басылып, кәсіпкердің қолы арқылы куәландырылған көшірмесі)

Үшіншіден, жарғы, құрылтай шарты (егер құрылтайшы біреу болса, онда құрылтай шарты қажет емес). Акционерлік қоғам акциялар эмиссиясының нобайы мен акционерлер реестрінен үзінді беруі керек (кәсіпкердің мөрі мен қолы арқылы куәландырылған көшірмесі).

Төртіншіден, бюджетке төленуі тиіс міндетті төлемдер бойынша қарыздың жоқтығы немесе көлемі туралы (өтініш қабылданардан 30 күннен кеш болмауы тиіс) салық органынан алған анықтама қағазы.

Бесіншіден, кәсіпкердің қаржылық декларациясының көшірмесі оның соңғы қаржылық жылын қамтитын есебінің көшірмесімен бірге немесе Web сайттарда жарияланған кәсіпкердің қаржылық ахуалы туралы сараптама жасауға мүмкіндік беретін, кәсіпкердің дебиторлық және кредиторлық қарызы (борыштың көлемі, қордаланған мерзімі және тауарлар мен қызмет түрі) ашық көрсетілген ақпарат.

Алтыншыдан, кәсіпкерге бағдарламаға қатысу үшін барлық талаптарға сай болатын негізде несие берілетіні немесе несие бойынша сыйақы ставкасын төмендету жөнінде оң шешім шығарылғаны туралы банктің хаты.

Міне, мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, субсидия алу үшін осындай міндетті құжаттар тапсырылуы тиіс. Қайталап айтқанда, мұндай қолдау кәсіпкерлердің қанатын кең жаюына мүмкіндік беріп, өз ісін жаңа бастағандарға алғашқы сәтінде-ақ қаржылай демеу жасауға жағдай туғызады.

Бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік субсидияларды қалай алуға болады

Субсидия алу шарттары мен бағдарламаға ілігетін бизнес түрлері жөнінде айтып, бөлінген қаражатты мақсатына сай пайдаланбаған үшін не болатыны туралы сөз қозғаймыз

Жеке кәсіп ашу үшін бір ғана бизнес-идея ойлап табу жеткіліксіз. Көптеген жаңа бастаушы кәсіпкерлер бизнестерін
дамыту үшін ақша іздеуді бастайды. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірледі.

Субсидия деген не

Субсидия дегеніміз — бұл кәсіпкерлердің кредиттерінің сыйақы мөлшерлемелерін жеңілдетуді көздейтін мемлекеттік
қолдау көрсету түрі. Субсидиялар тек қатаң белгіленген мақсаттарға беріледі, сондықтан да, қаражатты өзге
қажеттіліктерге жұмсауға тыйым салынады.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында мемлекет кәсіпкер кредитінің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін
өтеуді ұсынады. Мысалы, егер кәсіпкер бизнесін дамыту үшін банктен жылдық мөлшерлемесі 20% құрайтын кредит алатын
болса, оның 6%-ын өзі төлейді де, қалған 14%-ын мемлекет төлейтін болады.

Жоба мақсаты

Субсидиялау бағдарламасы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін жасалған. Ол арқылы мемлекет халықты жұмыспен
қамтамасыз етуді, экономика секторларын түрлендіруді және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестік орнатуды көздейді.

Бағдарламаға кім қатыса алады

Оған тек қана микро-, шағын және орта бизнес қатыса алады. Субсидия алуға өтінім беру үшін келесі санаттардың
біреуіне сәйкес болу керек:

  • микробизнес: қызметкерлер штаты 15 адамға дейін, орташа жылдық табысы 92 млн теңгеге дейін (30 000 АЕК);
  • шағын бизнес: қызметкерлер штаты 100 адамға дейін, орташа жылдық табысы 919 млн теңгеге дейін
    (300 000 АЕК);
  • орта бизнес: қызметкерлер штаты 250 адамға дейін, орташа жылдық табысы 9,2 млрд теңгеге дейін
    (3 000 000 АЕК).

Субсидиялау түрлері

Ұлттық жоба екі бағытты қамтиды:

  • портфельдік субсидиялау — микро- және шағын кәсіпкерліктерге арналған;
  • индустриялық-инновациялық қызметке қолдау көрсету — экономиканың басым секторларындағы салаларда қызмет ететін кәсіпкерлерге арналған.
    Ауылдық елді-мекендер мен моноқалалардағы жобалар үшін сала бойынша шектеу жоқ.

Субсидия қандай мақсаттарға беріледі

Субсидия инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі. Ал жобаның екінші бағыты бойынша
субсидия кредиттер мен лизингтік мәмілелерді қаржыландыру мақсатына да беріледі.

  • инвестициялық мақсаттарға компанияны кеңейту, модернизациялау, сондай-ақ, негізгі құралдар, жылжымайтын мүлік пен
    құрал-жабдық сатып алу, және еңбек етуге қолайлы шарттар жасау жатады
  • айналым қаражатын толықтыру — бұл тауар сатып алу, жеткізушілермен есептесу, еңбекақы төлеу, үй-жай жалдау,
    салық төлеу және тағы да басқа мақсаттар
  • қайта қаржыландыру — бірінші алынған кредитті өтеу үшін берілетін жаңа кредит

Субсидияны қалай алуға болады

Субсидия алу үшін бизнеске қолайлы бағдарламаны таңдап, барлық қажетті құжаттарды жинап, банкке хабарласу керек.
Банк мамандары кәсіпкердің төлемқабілеттілігі мен қаржыландыру қажеттілігін тексереді, кепіл мүлігін бағалайды,
басқа да стандартты рәсімдерді орындайды.

Содан кейін кәсіпкер «ДАМУ» қорына субсидиялау туралы өтінім мен банктің кредит беру бойынша қабылданған оң
шешімін жібереді. Қор өтінімді 5 жұмыс күні ішінде қарастырады да, оң шешім қабылданған жағдайда субсидиялау
туралы келісімшарт жасалады.

Бұдан басқа, бағдарлама аясында кәсіпкерге міндетті талаптар қойылады — «ДАМУ» қорының шешімінен 2 қаржы
жылы өткенде төленетін салықтардың мөлшерін 10%-ға үлкейту және еңбекақы қорын ұлғайту немесе жұмыс орындарының
санын көбейту.

Бизнеске арналған субсидиялау бағдарламалары

Субсидия арқылы сыйақы мөлшерлемесін төмендету үшін кәсіпкердің заемы арнайы талаптарға сай келуге тиіс.

Портфельдік субсидиялау

Кімге арналған: микро- және шағын бизнеске

Бизнестің қандай салалары кіреді: банк кредиті бойынша — ломбард, микроқаржы, факторинг немесе лизинг
компанияларынан басқа және (азық-түліктен басқа) саудамен айналысушы компаниялардан басқа кез келген сала,
ал микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша — экономиканың басым секторларындағы салалар.

Максималды кредиттеу сомасы: инвестициялауға — 20 миллион теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға —
5 миллион теңгеге дейін

Кредитті субсидиялау мөлшері: Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі + 7%, оның 15,75% мемлекет,
ал 8% кәсіпкер төлейді. Ал моно және шағын қалалар мен ауылдық елді-мекендер үшін — Ұлттық банктің базалық
мөлшерлемесі + 7%, оның 7% кәсіпкер төлейді, ал 16,75% мемлекет субсидиялайды.

Микрокредитті субсидиялау мөлшері: сыйақы мөлшерлемесі 28%, оның бір жартысын кәсіпкер, екінші жартысын мемлекет төлейді.

Субсидиялау мерзімі: инвестициялауға — 3 жыл, ал айналым қаражатын толықтыруға — 2 жыл.

Индустриялық-инновациялық қызметке қолдау көрсету

Кімге арналған: индустриялық-инновациялық қызмет атқарушы кәсіпкерлерге.

Бизнестің қандай салалары кіреді: экономиканың басым секторларындағы салалар. Республикалық маңызы бар қалалар мен
облыс орталықтарын есептемегенде, моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді-мекендердегі кәсіпкерлер үшін сала
бойынша шектеу жоқ.

Максималды кредиттеу сомасы: бір кәсіпкерге 3 млрд теңгеге дейін болуға тиіс. Бір бизнес-жобаның кредиті бірнеше
үлестес кәсіпкерге берілетін болса да, кредит сомасы 3 млрд теңгеден аспауға тиіс. Ал моно және шағын қалалардағы,
ауылдық елді-мекендердегі бизнестер үшін — бір кәсіпкерге 1,5 млрд теңгеге дейін болуға тиіс.

Кредитті субсидиялау мөлшері: Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі + 5%, оның 8%-ын кәсіпкер төлейді,
ал 13,75% мемлекет субсидиялайды.

Шымкент қаласындағы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы және
облыс орталықтарындағы өңдеуші өнеркәсіп салаларындаға жобалармен айналысатын кәсіпкерлер үшін — ҰБ базалық
мөлшерлемесі + 5%, оның 14,75% мемлекет субсидиялайды да, 7% кәсіпкер төлейді.

Субсидиялау мерзімі: инвестициялауға — 5 жыл, айналым қаражатын толықтыруға — 3 жыл.

Қайта қаржыландыру: бірінші кредитті немесе лизингті алғаннан кейін 2 жыл ішінде алынған кредиттер мен лизинг
мәмілелері үшін, сондай-ақ, санкцияланған банктерден мына бағдарламалар аясында алынған кредиттеір үшін:

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жоспары
  • Өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жоспары
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік
    бағдарламасы.

Қандай құжаттар қажет

Банктің кредит беру бойынша қабылданған оң шешімін алғаннан соң, кәсіпкер «ДАМУ» қорына субсидиялау туралы өтінім
беруге тиіс. Құжат дайындау барысында «ДАМУ» қорының менеджерлерінен көмек немесе консультация сұрауға болады.

Құжаттар пакетіне не кіреді:

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжат
  • жобаның бизнес-жоспары
  • тауарлардың ЕАЭО-ның бір елінен екінші еліне тасымалданғанын растайтын ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса)
  • «жасыл жобаның» сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы немесе куәлігі (қызмет түрі «жасыл» жобаларға жататын болса)

Өтінім беру кезінде сұратылған кезеңде салық бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама да талап етіледі.

Өтінімді онлайн түрде беруге болады

Индустриалық-инновациялық қызметке қолдау көрсету жобасы аясында өтінімді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
беруге болады. Бұл жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен салық бойынша берешектің жоқтығы туралы мәлімет
жүйеде автоматты түрде шығады.

Қажетті құжаттар:

  • бизнес-жоспар немесе жоба бойынша сараптамалық қорытынды
  • тауарлардың ЕАЭО-ның бір елінен екінші еліне тасымалданғанын растайтын ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса)
  • кредит беру бойынша оң шешім қабылданғаны туралы банк хатының сканерленген көшірмесі
  • «жасыл жобаның» сыртқы бағалау провайдерінің сканерленген қорытындысы немесе куәлігі (қызмет түрі «жасыл» жобаларға
    жататын болса)

Қор өтінімдерді бес күн ішінде қарастырады да, шешім қабылдағаннан кейін, кәсіпкерге хаттамадан алынған үзінді
көшірме мен банктің ілеспе хатын жібереді.

Субсидия қандай мақсаттарға берілмейді

Мемлекет субсидияламайтін салалар тізімі:

  • есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет;
  • акцизделетін өнімдерді өндіру және көтерме сату;
  • астық қабылдау орындарында астық сақтау қызметі;
  • ұтыс ойындарын өткізу;
  • құмар ойын бизнесі;
  • радиоактивті материалдар айналымына байланысты қызмет;
  • банк және сақтандыру қызметі (сақтандыру агенттерінен басқа);
  • аудиторлық қызмет;
  • бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет атқару;
  • кредит бюросы;
  • күзет қызметі;
  • азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет;
  • ломбардтар, микроқаржылық және факторингтік ұйымдар, лизингтік компаниялар;
  • моторлы көлік құралдарын өндіру;
  • медициналық мақсатта құрамында спирті бар (бальзамдардан басқа) өнім шығару;
  • кен өндіру және карьерлерді қазу (құм және қиыршық тас өндіретін карьерлерден басқа)
  • акцияларының 50%-нан астамы мемлекетке тиесілі жобалар;
  • «Жекеменшік мекеме» және «Бейкоммерциялық ұйым» меншік нысандарындағы жобалар.

Нені есте сақтау керек

Бүгінгі күні бизнеске арналған субсидияларды оңай, тез, әрі артық бюрократиямен айналыспай-ақ алуға болады.
Ескеретін жайт: мемлекет берген қаражатты тек бизнес-жоспарда жазылған мақсаттарға ғана жұмсау керек. Барлық шығын
есептілік кезеңдерінде және тексеру барысында растайтын чектер мен жүкқұжаттарды ұсыну керек болған кезде көрінетін
болады. Сонымен қатар, қызмет түгелдей ап-айқын болуы үшін уақытында келісімшарттар жасап отырып, төлемдерді шоттан
шотқа жүргізіп отырған жөн.

Қаражатты мақсатқа сай пайдаланбаған жағдайда кәсіпкер субсидия сомасын мемлекетке толықтай қайтаруы қажет.

Жалдау төлемдері бойынша субсидия алуға төрт санат бойынша кезекте тұрған азаматтар үміткер.

Жалдау ақысы субсидиялау бағдарламасының шарттарына сәйкес келетін қазақстандықтар otbasybank.kz платформасы арқылы өтінім бере алады.

Жалдау төлемдері бойынша субсидия алуға төрт санат бойынша кезекте тұрған азаматтар үміткер, деп мәлімдеді құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Алмаз Ыдырысов.

«2022 жылы 50 млрд теңге бөлінеді. Оның 40 млрд теңгесі республикалық бюджеттен қарастырылса, 10 млрд теңгені жергілікті әкімдіктер бөледі», – деді Алмаз Ыдырысов.

Сондай-ақ, комитет жетекшісі субсидия алу шартын түсіндірді.

Тұрғын үй кезегінде тұрған, субсидия алушылардың санаты:

  • І және ІІ топтағы мүгедектер;
  • мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
  • көп балалы отбасылар.

Субсидия алу шарттары:

1. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 жылғы жағдай бойынша).

2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 70 мыңға жуық азамат әлеуетті субсидия алушы бола алады. Олардың ішінде:

  • көп балалы отбасылар – 51 мың;
  • жетім балалар – 2 мың;
  • І және ІІ топтағы мүгедектер – 10 мың;
  • мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар – 7 мың.

3. Бағдарламаның ерекшеліктері мен арнайы шарттары:

  • жалдамалы баспананы қазақстандықтар өздері іздейді;
  • атаулы көмек көрсету принципі азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген:
  • 50%-ы мемлекеттік субсидиялармен қамтылатын болады;
  • қалған 50%-ын алушы өзі төлейді.

4. Отбасы банк жалдамалы тұрғын үй субсидиясын жалға алу келісімшартының мерзімі аяқталғанша ай сайын аударып отырады. Құжаттың күшін мерзімінен бұрын жоюға, сондай-ақ жаңа үй иесімен келісімшарт құруға рұқсат етілген. Бұл жағдайда otbasybank.kz порталында өтініш беру процесі қайтадан жасалады.

5. Отбасы банк жыл сайын субсидия алушылардың шарттарға сай келуіне мониторинг жүргізіп, төлем тәртібін ай сайын қадағалап отырады. Ал жергiлiктi әкiмдiктер жалдамалы үйлер мен онда тұрып жатқан азаматтарды кемiнде тоқсанына бiр рет тексеретiн болады.

6. Баспананы жақын туыстардан және жұбайлардан, оның ішінде бұрынғы жұбайларынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан жалға алуға, сондай-ақ қайта жалға өткізуге тыйым салынады. Өтініш беру үшін келесі амалдарды орындау керек

Өтінішті қалай береді?

Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қабылданады. Сондықтан азаматтар оны алдын ала алулары немесе қолданыстағы ЭЦҚ-ның жұмыс істеп тұрғанын тексеруі керек.

Субсидия алуға үміткер депозиті бар Отбасы банк клиенті болуы тиіс. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы оны аша алады.

ЭЦҚ алып, жинақ шотын ашқаннан кейін, otbasybank.kz порталында тіркелу қажет.

Тіркелгеннен кейін төлемдерді алу туралы өтінішке қол қойып, жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру керек.

Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе деректерді өңдеп, отбасының құрамын анықтайды. Тексеру цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, әділет министрлігі, мемлекеттік кірістер комитеті, білім және ғылым министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялануы арқылы жүзеге асырылады.

Содан кейін әрбір отбасы мүшесі otbasybank.kz сайтында «қонақ» ретінде тіркеліп, ЭЦҚ арқылы құжаттарға қол қояды.

Қол қойылғаннан кейін жүйе деректерді қайтадан тексеріп, өтініш берушіге субсидия алуға келісім береді немесе себебін түсіндіріп, өтінішін кері қайтарады. Егер өтініш мақұлданса, хабарламада жалға алу аймағы, пәтер ауданы, жалдау ақысының максималды мөлшері мен қатысушыға тиесілі ең жоғары субсидия көлемі көрсетіледі.

Бұл кезеңде жалға беруші қосылады. Алғашқы кезекте өтініш беруші жалға берушінің ЖСН немесе БСН көрсетуі керек.

Жалға беруші де otbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеліп, «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде деректерін растайды. Сондай-ақ жеке деректерді жинау және өңдеу туралы өтінішке қол қойып, жалға берілетін пәтердің кадастрлық нөмірін және қаражат аударылатын 20 сандық шотты көрсетуі керек. Осыдан кейін жүйе жалдау шартын және төлем кестесін жасап шығады, оған тараптар ЭЦҚ арқылы қол қояды.

Субсидия алуға өтініш беруші жалдау шартын тіркегені үшін мемлекеттік баж төлейді. Содан кейін оның жеке кабинетінде төлем кестесі бар жалдау шарты пайда болады.

Дереккөз: Almaty.tv.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Можно ли выйти на работу во время учебного отпуска
  • Можно ли забрать трудовую книжку на время с работы
  • Можно ли зарегистрировать компанию в другой стране
  • Можно ли зарегистрировать компанию через госуслуги
  • Можно ли изменить реквизиты в заявлении на пособие