К?сіпкерлік ?ызметті жоспарлау бизнес жоспарлау


С этим файлом связано 151 файл(ов). Среди них: динара.docx, Практикалык тапсырма№ 7 ТОРНМ.doc, zhoғary-mekteptegі-pedagogikalyқ-zertteu-әdіsterіne-sipattama-be, Анкета_пользователя_для_корпоративной_почты_Ф_КазНУ_610_01_20.do, _Салауатты өмір көтеріңкі көңіл_ тәрбие сағаты.docx, Пән (1).docx, Өзін-өзі басқару окончательное решение (2).docx, annotation18047 (1).doc, Психология тест _Басқару психологиясы_.docx, sovremennye-teorii-perevoda-i-ih-ispolzovanie-v-rabote-s-angloya, Outline thesis.docx, asambaev-jasandy-intellekt.pdf, Гроза.pptx, Истина и заблуждеие..docx, варианты.docx, анализ.docx, Психология СРС 5.docx, ВОЕННАЯ ДОКТРИНА РЕФЕРАТ.docx, Кенжехан А е.д.ә. срс.docx, Әлеумет тану сож 3 і.pptx, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.pptx, Прог СӨЖ-2 ИС-1906Б Тұрлыхан Рахат.docx, 23 жастағы жас.docx, Дүйсебекова К.С. Деректер қорлaры жүйелері.docx, Семинар Майра.docx, English (1).pptx, мәдениет семиотика.pptx, СРС өнертабыс (2).pptx, СиллабусОсень22-23 (9).docx, лекция 3-Маркетинг ортасы.pdf, тезис CITech.docx, Учебное пособие. РУССКИЙ ЯЗЫКАхмедьяров (1).pdf, СӨЖ тақырыптары мен методикалық нұ, Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдығы.docx, E-услуги.pdf, Витамины hec.ppt, ЭкзБилет Доп Сем МатАн-3 (Механика).docx, Билет(1).docx, Силл соц 21-22г.docx, матан.pdf, 2 Лаб сан мик.docx, Жайлыбаева Фариза СӨЖ1 (әлеуметтік философия).docx, Дәріс 6-10.pdf, лек № 3 сызықтарды бағдарлау (копия).docx, siw 5 turganbek oelun.docx, SIW 5 TURGANBEK OELUN.pdf, RIVERS AND STREAM1.docx, пед практика Айзо.docx, Стереометрия.pdf, 2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар.docx и ещё 141 файл(а).
Показать все связанные файлы


Подборка по базе: 3 Қаржылық жоспарлаудың негізгі принциптері.docx, _Сабақты тиімді жоспарлау _ тақырыбына презентация.ppt, Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау . Көркем еңбек..docx, Мемлекеттің және қоғамның мәдени өмірін жоспарлауға, жобалауға, , 1сабақ Ғылым рөлі. Зерттеуді жоспарлау.doc, каржылык жоспарлау.pptx, 7-апта СРМП Жоспарлаудың принциптері.docx, Қысқа мерзімді жоспарлау.docx, Мейіргер ісіндегі жоспарлау принциптері мен зерттеулер ж_ргізу.d, менеджменд жоспарлау.pptx


2 тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Мақсат:жаңа істі ұйымдастырудағы бизнес жоспардың ролі.
Сұрақтар:

  1. Жалпы жағдайлар.
  2. Бизнес–жоспарды дайындау реті.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: бизнес–жоспар,маркетинг жоспары, өндіріс жоспары, өткізу нарығы, ұйымдық жоспар, бәсеке,қаржылық жоспар
Өзінің жеке ісін ұйымдастыруда, кәсіпкерлік ұйымның жұмыс кезеңдерінде кәсіпкерлік іс әрекеттердегі аса маңыздысы белгілі мерзімде орындалуы тиіс іс-шаралар жоспарын дайындау болып табылады. Онан кейінгі көздеген мақсатқа жету жолының бірі – қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік жоспарлар.

Бизнес — жоспарлау процесінің негізгісі – кәсіпкерлік жобаның бизнес — жоспарын және ұйымның даму бизнес-жоспары.

Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар бұрқыраған теңізден кемені еш шығынсыз алып шығатын кәсіпкердің қолындағы компас іспетті.

Ұйымның даму жоспарын дайындау кезінде кәсіпкер бизнес-жоспардың айтарлықтай ерекшеліктерін білуі тиіс.

  • кәсіпкерлер өзінің ісін жоспарлау кезінде шаруашылық жүргізу ережелерінің өзгерістерін , экономиканың дамуының бірқалыпты болмайтынын ескеруі қажет.
  • Кәсіпкерлікке сыртқы ортаның аса жоғары ықпалы, бизнес жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істерде аныталмаған жайттар көп кездесетінін ескеруді талап етеді.
  • Бизнес-жоспар дайындау кезінде барлық сыртқы факторларды ескере отырып , бизнес-жоспардың бөлімдеріне сан жағынан (мөлшеріне) әсерін анықтау қажет.
  • Қазақстандық кәсіпкерлер бизнес-жоспардың сандық көрсеткіштерін, әріптестердің бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өздері есептеулері тиіс.
  • Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік билік органдарының шешім қабылдаудағы кейбір ерекшеліктеріне байланысты өзіндік қасиеттері мен мүмкіндіктерін асыра бағаламауы тиіс.

Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жолында меншік және несиеге алынған қаржыларды, материалдық, кадрлық мүмкіндіктерді, түрлі тәуекелдік жағдайды ескере отырып, нарықтық бәсеке жағдайында ұйымның негізгі бөлімдерінің даму барысын сипаттайтын құжат.

Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар сан және сапа жөнінен кәспкер үшін де несие беретіндер мен әріптестер үшін де бағдар –сүйеніш болуы тиіс.

Яғни бизнес-жоспар–жоспарланған істердің нақтылығын көрсететін, экономикалық негізделген маңызды құжат. Сонымен бірге бизнес-жоспар инвесторлар мен әріптестер үшін жарнама құралы болып табылады. Сондықтан бизнес-жоспар қаржыгерлерге, бизнес бойынша әріптестер мен банк қызметкерлеріне іскерлік түсінікті тілде жазылып , дайындалуы тиіс.

Мәліметтер бизнес-жоспар бөлімдеріндегі мәселелерді анық дәл көрсетуі тиіс. Бизнес-жоспардың көлемі жобаланған мақсатқа байланысты, ең бастысы – көзделген мақсаттың нақты нәтижесі бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс.

Бизнес-жоспардың көлемі мақсатқа байланысты, жоспардың нәтижесі мақсатқа жету болып табылады. Жалпы ереже бойынша бизнес-жоспар бірнеше жылға (3-5 жылға) жасалады, ал бірінші жылдың жоспары нақты жоспардың құжаты ретінде маңызды.

Кәсіпкерлік тәжірибе бойынша да, ғылыми әдебиеттерде де бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұнына біртекті нұсқаулар жоқ, себебі әрбір бизнес-жоспардың мақсаты, кәсіпкердің таңдап алатын өндіріс саласы, ұйымның даму стратегиясы әртүрлі, әрқайсысының өз ерекшеліктері болады.

Кәсіпкер жеке өзінің ісіне бизнес-жоспар дайындау кезінде мынандай бөлімдерді қарастыру керек:

  1. Ұйымның жалпы сипаттамасы (Резюме).

Бұл бөлім барлық басқа бөлімдерді дайындап болғанан кейін дайындалады. Негізгі бағыт – анықталған мақсат және стратегияға жету жолдары.

  1. Тауардың сипаттамасы. Бұл ұйымның ең маңызды іс-әрекеттерінің нәтижесі. Жұмысқа кірісер алдында кәсіпкер өндіретін тауары мен көрсететін қызметтері туралы тұтынушыларға анық, жан-жақты толық сипаттма беруі керек.
  2. Тауар өткізу нарығы.

Кәсіпкерлік ұйым тұтынушалар үшін жұмыс істейтін, сондықтан сатып алушыларды анықтап, нарықты талдауы, өндірілген тауары мен қызметтері нарықтан “шығып қалмауы” жағдайын алдын-ала қарастыру керек. Әдетте ереже бойынша нарықты зерттеу 4 кезеңге бөлінетінін естен шығармау керек.

  1. Өткізу нарығындағы бәсеке.

Нарық сатушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынасын көрсететін күрделі механизм. Сатушы ретінде көптеген коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Сондықтан бәсекелес кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін алдын ала зерттеп, талдау қажет. Бұл бөлімде нарықтық конъюктураны талдау, нарықтық стратегия мен тактика , бәсекелестердің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.

  1. Маркетингтік жоспар.

Бұл бөлімде кәсіпкер әріптестеріне және инвесторларға маркетинг жоспарын, оның негізгі элементтерін түсіндіруі тиіс. Әрбір тауар түріне арнайы жоспар болуы керек, сонымен бірге тауарларға байланысты нарықтық өзгерістер, жаңа тауар өндірісін дамыту мәселелері қарастырылып , осылардың барлық жиынтығы маркетингтік жоспар деп аталады.

  1. Өндірістік жоспар.

Бұл тек қана өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлер үшін қажет . Басты міндет Әріптестерге қажетті тауарды тиісті мөлшерде талап етілген сапада мезгілінде өндіретінін дәлелдеу. Яғни қажетті тауарды өндіру процесін, өндірісті ұйымдастыру. Бұл бөлімнің мәліметтері 2-3 жылға жоспарланады, ал ірі кәсіпорындар үшін 4-5 жылға есептеледі.

Өндіріс барысында қалай жүргізетіні, схемасы, шикізат қайдан келетіні, қандай өнім өндіріліп, қайда қашан жіберілетіні туралы нақты мәліметтер көрсетіледі. Сыртқы эксперттер нарық талабына сай технологиялық схеманы, еңбекшығынының азаю деңгейін, өнімдер ассортименті өзгерісіне баса көңіл аударады. Сондықтан өндірістік жоспарда өнім өндіру үшін өндірісті дамыту мәселелері толық көрсетілуі тиіс.

  1. Ұйымдастырушылық жоспары.

Бұл бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымды басқару деңгейі, кәсіпкер мен ұйым мүшелерінің білімі, тәжірибесі, кәсіби мамандану деңгейлері көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлікте әрбір маманның ролі мамандық деңгейі өте маңызды, сондықтан қызметкерлердің әлсіз және күшті жақтарын анықтап, нақты сипаттама берген дұрыс.

  1. Кәсіпкерліктегі тәуекелділік.

Бұл бөлімде кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі мүмкін болатын қауіптерге тәуекелділік жағдайлары сипатталады, әртүрлі сыртқы және ішкі қауіпті жағдайлар мен оның зардаптарын жою жолдарын немесе алдын алу мәселелері қаралады.

Бизнес–жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істердегі тәуекелділік жағдайларын басқару мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс.

  1. Қаржылық жоспар.

Бұл бөлім ең қорытынды кәсіпорын іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсететін бөлім болып табылады. Қаржы бөлімінде кәсіпкерлік іс-әрекеттердің даму стратегиясы, қаншалықты жүзеге асырылғаны көрінеді.

  1. Қосымшалар.

Қосымшаларда бизнес-жоспардың кейбір бөлімдерін нақтылай түсетін мәліметтер болады. Олардың құрамы мен мөлшері көздеген мақсатқа, бизнес ісінің мазмұнына байланысты.

Бизнес-жоспардың сыртқы бетінде бизнес-жоспардағы мәліметтердің кәсіпкерлік құпия екенін, сол істің иесіне ғана арналғанын көрсетуді ұмытпаған жөн.
Қорытынды
Кәсіпорнның қызметінің ең бастапқы маңызды құжаты бизнес-жоспар болып табылады. Бизнес-жоспардың мазмұны мен құрылымына қатаң шектеу қойылмаған, ол қаржылық-экономикалық іс-әрекеттерде тек қана табысқа жетуге бағытталуы тиіс.
Дәрістерге арналған әдістемелік нұсқаулар
Дәріс материалдарын толық жақсы түсіну үшін, бизнес-жоспардың әрбір бөлімімен толық танысып , дәптерге көшіріп алу (конспект) қажет.
Әдебиеттер:

  1. Малый бизнес. Организация, экономика, упарвление: Учеб. Пособиедлявузов. / Под. Ред. Про. В.Я.Горфинкеля. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003г.
  2. В помощьпредпринимателям / Подредакцией М.М.Нуртазина. Астана, 2004г.
  3. Потемкин А.П. ОткрытоеписьмогоспадинуГермануГрефу, министруэкономическогоразвития и торговлиПравительства РФ // Известия. – 22 июня 200г. С.11.
  4. Справочник директора предприятия/Под ред.М.Г.Лапусты, П.С.Никольского, М.: ИНФРА-М, 2002.
  5. Татеиси К. Вечный дух предпринимательства. Практическая философия бизнесмена: Пер.с.англ.М., 1990.



Скачать материал

5- тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау



Скачать материал

  • Сейчас обучается 269 человек из 65 регионов

  • Сейчас обучается 403 человека из 63 регионов

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 5- тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

    1 слайд

    5- тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

  • Жоспар:1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі
2. Бизнес-жоспарлаудың мәні ж...

    2 слайд

    Жоспар:
    1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі
    2. Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі. Бизнес-жоспардың әлеуметтік-экономикалық мәні.
    3. Бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

  • 1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісіЖоспарлау – бұл кәсіпорынның экономик...

    3 слайд

    1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі
    Жоспарлау – бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын, жоспарларды жасап шығару мен тәжірибелік түрде жүзеге асыруды қарастыратын кешенді қызмет.
    Кәсіпорын тұрғысынан, микроэкономикалық деңгейде жоспарлау – бұл микроэкономика субъектілерінің саналы, жігерлі шешімдеріне негізделген іс – әрекеттерді жүзеге асыру тәсілі, баға мен нарықты ауыстыратын механизм.

  • Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың екі түрі бар:Нарық жүйесіндегі кәсіпорын қызм...

    4 слайд

    Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың екі түрі бар:
    Нарық жүйесіндегі кәсіпорын қызметін жоспарлау
    Фирмаішілік жоспарлау

  • Кәсіпорын қызметін жоспарлау келісідей мүмкіндіктер береді:Қойылған мақсаттар...

    5 слайд

    Кәсіпорын қызметін жоспарлау келісідей мүмкіндіктер береді:
    Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмсалатын күштердің нақты бақылауын жүзеге асыруға;
    Басшыларды өз мақсаттары мен оған қол жеткізу жолдарын нақты анықтауға;
    Ары қарай бақылау үшін қажетті фирма қызметінің көрсеткіштерін анықтауға;
    Кәсіпорынды нарықтың конюнктураның күтпеген өзгерістеріне дайындауға;
    Фирманың барлық менеджерлерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты анықтауға.

  • Жоспарлаудың қағидалары:ҮздіксіздікМақсаттар мен шаруашылық жүргізу жағдайлар...

    6 слайд

    Жоспарлаудың қағидалары:
    Үздіксіздік
    Мақсаттар мен шаруашылық жүргізу жағдайлары өзгеріп отыратындықтан, жоспарларды үнемі жетілдіріп, түзету енгізіп отыру қажет.

    Үйлестірушілік пен интеграция
    Үйлестірушілік бір деңгейдегі барлық ұйымдастырушылық бірліктердің өзара іс әрекеттерін қамтиды.
    Интеграция әр түрлі деңгейдегі бірліктер арасындағы іс әрекеттерді сәйкестендіру үшін қажет.

  • ЖүйелілікКәсіпорын сыртқы ортада кешен ретінде есептелуі қажет.ҒылымшылықЖосп...

    7 слайд

    Жүйелілік
    Кәсіпорын сыртқы ортада кешен ретінде есептелуі қажет.

    Ғылымшылық
    Жоспарлауда ғылыми әдістерді қолданып отыру қажет.

  • 2. Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі. Бизнес...

    8 слайд

    2. Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі. Бизнес-жоспардың әлеуметтік-экономикалық мәні.
    Кез келген жоспардың негізінде бизнес идея жатыр. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.
    Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.
    Көпшілік идея іс жүзінде асырыла бермеуі мүмкін. Жаңа идеяны ойластыруға, оны жүзеге асыруға ұзақ уақыт кетеді. Идея пайда болғаннан кейін, оның прототипін (өнім технологиясын) іздестіруге, яғни ойластырылған бұйымды жасауға, содан кейін сол ұйым табыс түсіретіндей етіп өндіріс процесін (өндіріс технологиясын) құруға тура келеді.

  • П. Друкер шығармашылық ықпалға дәл анықтама берді. «Кез-келген мақсат жүзеге...

    9 слайд

    П. Друкер шығармашылық ықпалға дәл анықтама берді. «Кез-келген мақсат жүзеге асқанда, менің білетінім, мұнымен идеяға бар ынтасымен берілгендер — фанатиктер шұғылданады». Фирманың ішкі шығармашылығын дамыту үшін американдық менеджерлер өзінің қарамағындағыларға үнемі мынадай сұрақ қояды: «Қазіргі істеп жүргеніңізден басқаша, сіз тағы не істегіңіз келді, әрі мұның өзі барлығымызға және тұтастай компанияға қандай пайда келтіреді?». Осы сұраққа жауап бере отырып, фирманың әрбір қызметкері алдына өзін-өзі жетілдіру мақсатын және оған жету мерзімін қояды.

  • Бизнестің стратегиялық идеясын жүзеге асыру үшін шығармашылық ойлау негіздері...

    10 слайд

    Бизнестің стратегиялық идеясын жүзеге асыру үшін шығармашылық ойлау негіздерін меңгере білуі керек.
    Біріншіден, қалыптасқан жағдайға «статус-кво» күмән келтіруге де, жалпы қабылданған жағдайды теріске шығаруға да болады. Альберт Эйнштейн жаратылыстану ғылымын үйреніп жүрген студенттерге мынадай кеңес берген: күнделікті бір сағат уақыт бөліп біреудің идеясын теріске шығаруға, сөйтіп мұқият ойлана отырып, өз идеяңды ұсынуға талпын.

  • Екіншіден, өзің шұғылданып жүрген мәселеге қолдануға болатын басқа идеяны айқ...

    11 слайд

    Екіншіден, өзің шұғылданып жүрген мәселеге қолдануға болатын басқа идеяны айқындауға және де оны жаңаша пайдалануға болады.
    Үшіншіден, өзіңнің алдын ала сезіну түйсігіңе айрықша көңіл бөл. Әдетте бір нәрсені күні бұрын сезіну сіздің ой-санаңызда жинақталған фактілердің нәтижесі.
    Төртіншіден, ойға оралған идеяны бірден бағалауға тырыспаңыз. Әуелі асықпай ойланыңыз, содан кейін бағалаңыз, өйтпейінше тамаша идеяны сіз бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

  • 3. бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттеріБизнес-жоспар — бұл келешек б...

    12 слайд

    3. бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері
    Бизнес-жоспар — бұл келешек бизнесті жан-жақты толық сипаттау. Бизнес- жоспарда бизнестің идеясы туралы əңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, маркетингтік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет.
    Бизнес — жоспар кәсіпкерге де, кәсіпкердің бизнес бойынша әлеуетті серіктестеріне де, кәсіпкердің өз ісіне арнап несие алуды көздеп отырған банкке де қажет.
    Егер бизнес даму және өсу үстінде болса, кәсіпкерге барлық жағдайларды жадында сақтау қиынға соғады. Сонымен қатар, бизнестің барлық аспектілерін толық жоспарлау және сипаттау қажеттілігі туындайды.
    Жоспарлау кəсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға жəне қате əрекеттердің алдын-алуға бағытталған.

  • Бизнес-жоспар – бұл бизнес операцияларды, кәсіпорынның іс әрекеттерін жүзеге...

    13 слайд

    Бизнес-жоспар – бұл бизнес операцияларды, кәсіпорынның іс әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.

  • Бизнес-жоспарды жасап шығарудың мақсаты – нарық қажеттіліктеріне және қажетті...

    14 слайд

    Бизнес-жоспарды жасап шығарудың мақсаты – нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу және болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау.

  • Бизнес-жоспардың міндеттері:Кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ма...

    15 слайд

    Бизнес-жоспардың міндеттері:
    Кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын қалыптастыру, оларға жетудің тактикалары мен стратегияларын анықтау;
    Кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, нарыққа бағытталуы мен нарықтағы оның орнын анықтау;
    Кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерін анықтау және ассортиментін таңдау;

  • Өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;
Нарықты зерттеу, сатуды ы...

    16 слайд

    Өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;
    Нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т.б. маркетингтік шаралардың құрамын анықтау;
    Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қолда бар қаржылық және материалдық ресурстарды, қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерін исәйкестендіру.

  • Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың...

    17 слайд

    Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше əртүрлі себептер бар:
    Өзіңізге арналған бизнес-жоспар.
    Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады:
    Істі ашу үшін не қажет?
    Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дəрежеде ақиқатқа сай ма?
    Несие алуға арналған бизнес-жоспар
    Əдетте, банктер кəсіпкерлерден несие беру (немесе бермеу) туралы шешім шығару үшін бизнес- жоспарды талап етеді.

  • Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспарИнвесторлар ретінде...

    18 слайд

    Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспар
    Инвесторлар ретінде жеке тұлғалар (соның ішінде достары немесе туыстары) немесе заңды тұлғалар шығуы мүмкін. Оларға сіздің бизнесіңізге ақша салымдаудың тиімді екендігін дəлелдеу үшін бизнес-жоспар үлкен себебін тигізуі мүмкін.

    Жергілікті немесе шетелдік серіктеспен біріккен кəсіпорын құруға арналған бизнес-жоспар
    Сауатты түрде жасалған бизнес-жоспар əріптесіңізге сіздің ісіңіздің елеулі екендігіне сенім береді.

  • Бизнес-жоспар қандай бөлімдерден тұрады?Бизнес-жоспардың мазмұны оның қандай...

    19 слайд

    Бизнес-жоспар қандай бөлімдерден тұрады?
    Бизнес-жоспардың мазмұны оның қандай мақсатпен жасалып отырғандығына қарай əртүрлі болуы мүмкін. Бизнес-жоспардың стандарты жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы жəне оның толық берілу дəрежесі келешек жобаға жəне соның өзі жататын салаға байланысты болады. Мысалы, егер қайсыбір жаңа өнім түрін əзірлеу көзделіп отырған болса, онда өнімнің өзінің күрделі құрылымымен жəне сол өнім нарығының күрделі құрылымымен негізделіп отырған аса толық түрдегі жоспар əзірленуі тиіс. Егер де əңгіме қайсыбір өнімнің бөлшек саудада сатылуы жайлы болып отырса, онда бизнес-жоспар анағұрлым қарапайым болуы мүмкін.
    Бизнес-жоспардың құрамы, сонымен қатар, көзделіп отырған өткізу нарығының ауданына, бəсекелестердің бар-жоғына жəне құрылып отырған бизнестің өсу келешегіне байланысты болады.

  • Кіріспе бөлімКіріспе бөлімі, əдетте, бүкіл жоспар жасалғаннан кейін жазылады....

    20 слайд

    Кіріспе бөлім
    Кіріспе бөлімі, əдетте, бүкіл жоспар жасалғаннан кейін жазылады. Ол қысқа болып (ары кеткенде 2-3 бет-тен тұрады) жəне дербес жарнамалық құжат ретінде пайымдалуы тиіс, себебі мұнда бүкіл бизнес-жоспардың негізгі жағдайлары беріледі. Мұнда кəсіпорынның атауы мен мекенжайы, құрылтайшылардың есімдері мен мекенжайлары, ұсынылып отырған жобаның негізгі ережелері, оның мəні мен мақсаты, жобаның құны, жұмсалатын қаржы көрсетіледі.

  • Жобаның тұжырымдамасы және өнімнің сипаттамасы.Бұл бөлімде сатып алушыларға ұ...

    21 слайд

    Жобаның тұжырымдамасы және өнімнің сипаттамасы.
    Бұл бөлімде сатып алушыларға ұсынылатын өнім немесе қызмет түрлерінің нақты нықтамасы мен сипаттамасын беру қажет. Өнімді өндіру үшін қажет болатын технологияның кейбір аспектілерін көрсетіп кету керек.
    Өнімнің негізгі сипаттамаларын беру кезінде сол өнімнің техникалық егжей-тегжейлеріне емес, оның әлеуетті сатып алушыларға беретін артықшылықтары жайлы айтылады. Технологиялық үдеріс жайлы толық ақпаратты қосымшада беруге болады.
    Өнімдердің немесе қызмет көрсету түрлерінің бірегейлігін немесе ерекшеліктерін көрсетіп кеткен маңызды. Мұны түрлі формада көрсетуге болады: жаңа технология, тауардың сапасы төмен өзіндік құн немесе сатып алушылардың қажетсінулерін қанағаттандыратындай қандай да бір ерекше артықшылығы. Сонымен қатар, сол өнімді жетілдірудің мүмкіндігін көрсетіп кету қажет.
    Егер жоспарды өзіңізге арнап, алайда инвесторларды немесе серіктестерді іздестіру мақсатында жазып отырсаңыз, онда әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге мұқият түрде сипаттама беру қажет.

  • Макроорта мен саладағы істің мəн- жағдайын талдау.Бұл бөлімде келешек бизнес-...

    22 слайд

    Макроорта мен саладағы істің мəн- жағдайын талдау.
    Бұл бөлімде келешек бизнес-жоба қызметінің негізгі бағыттары мен мақсаттары суреттеледі. Жаңа жобаның идеясын үлкен орта мен саладағы істің мəн жайын ескере отырып ұсынған өте маңызды. Бизнестің өзіне жəне сол жұмыс істеп, бəсекелесетін ортаға баға беру қажет, себебі бəсекелес күрестегі жеңіске жету критерийлерінің біріне нарықтағы жағдай жатады.
    Бизнес-жоспарда саладағы істің ағымдағы мəн-жайына талдау жасау ұсынылады. Сонымен қатар, соңғы жаңа өнімдер (қызметтер) бойынша анықтама беріп, әлеуетті бəсекелестерді атап, солардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп кету ұсынылады. Сонымен қатар, сол сала бойынша жасалып отырған барлық болжамдарды зерттеп жəне соның нəтижесінде сіздің бизнестегі тауарлардың немесе қызметтердің тура қандай тұтынушыға арналғаны жайлы сауалға жауап беруге болады.

  • Нарықты талдауНарық жəне маркетинг компаниялардың барлығы үшін шешуші факторл...

    23 слайд

    Нарықты талдау
    Нарық жəне маркетинг компаниялардың барлығы үшін шешуші факторлар болып табылады. Сол себептен бұл бөлімді жазу аса қиын шаруа болып табылады. Сізге өз-өзіңізді жəне әлеуетті инвесторларды өнім үшін нарықтың бар екендігіне жəне өзіңіздің сол нарықта өніміңізді сата алатыныңызға сендіру қажет. Ол үшін сіз үшін басты болып табылатын нарықтың сегментін анықтау қажет. Нарықтың бəсекелес сегментін анықтаудан кейін сол сегменттің ішіндегі сатып алушылардың сипаттамасы келтіріледі.
    Кез келген бизнес жəне атап айтқанда, өнімді жетілдіру жөніндегі жақсы идеяларға ие бизнес —ерте ме, кеш пе, бəсекелестік проблемасына кез болады. Сол себептен тікелей бəсекелестерді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, əр бəсекелестің нарықтағы әлеуетті үлесіне баға берген өте маңызды. Сіздің өніміңіз сапасы, бағасы, таратылу, жарнамалау жəне өзге көрсеткіштер жағынан бəсекелесе алатынын көрсету қажет.

  • Маркетинг жоспарыБұл бөлімде клиенттердің өнімді неліктен сатып алатынын көрс...

    24 слайд

    Маркетинг жоспары
    Бұл бөлімде клиенттердің өнімді неліктен сатып алатынын көрсету қажет. Мұнда сіздің тауарыңыздың немесе қызметіңіздің қалайша сатылуы көзделіп отырғаны, ол үшін қандай бағаның белгіленетіні жəне жарнаманы қалай жасауға болатыны сипатталады. Нақты бөліктер жиі жағдайда күрделі болып келеді жəне баға саясаты, сауда саясаты, жарнама жəне т.б. салаларды қозғайды. Бұл бөлімде өнімнің (жұмыстардың немесе қызметтердің) бəсекелесуші баламаларымен салыстырғандағы негізгі сипаттамалары көрсетілген. Бағалар, баға саясаты, сауда саясаты, өткізу арналары, өнімді жарнамалау жəне нарықта ілгері жылжыту, өнімді қолдау саясаты, әлеуетті сатып алушылардың қызығушылық танытуы, өнімді өткізудің болжамы тəрізді мəселелер қаралған.

  • Өндірістік жоспарБұл бөлімде тауарды немесе қызметті өндірудің барлық процест...

    25 слайд

    Өндірістік жоспар
    Бұл бөлімде тауарды немесе қызметті өндірудің барлық процестері суреттелуі тиіс. Мұнда ғимараттармен, олардың орналасуымен, жабдықтармен, қызметкерлермен байланысты болып келетін мəселелер қарастырылған. Егер құрылып жатқан бизнес өндірістік санатқа жатса, онда өндірістік процеске толықтай сипаттама беру қажет: өнімнің өндірісін ұйымдастыру, өндірістік процестерді бақылау, өнім құнының негізгі элементтерін бақылау. Егер кейбір операцияларды орындауды қосалқы мердігерлерге тапсыру көзделіп отырған болса, солар жайлы мəлімет беру керек, яғни қосалқы мердігердің атауы, мекенжайы, соның таңдалу себептері, бағалары жəне жасасқан келісімшарттар туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

  • Өндірістік жоспарӨздерін өз күшімен орындау көзделіп отырған операциялар бойы...

    26 слайд

    Өндірістік жоспар
    Өздерін өз күшімен орындау көзделіп отырған операциялар бойынша өндірістік ағымдардың сұлбасын, өндірістік жабдықтың, шикізат пен материалдардың тізімін, соған қоса жеткізушілерді (атауын, мекенжайын, жеткізу шарттарын), жуықтап алынған бағасын көрсетумен, сондай-ақ келешекте қажет болуы мүмкін өндірістік жабдықтың тізімін беру қажет. Ақыры, бұл бөлімде өнімнің шығарылуын қаншалықты жылдам түрде арттырып немесе қысқартуға болатыны жайлы мəселелер көрінісін табуы тиіс.

  • Ұйымдастыру жоспарыБұл бөлімде бизнестің меншік түрі көрсетіледі: бұл жеке кə...

    27 слайд

    Ұйымдастыру жоспары
    Бұл бөлімде бизнестің меншік түрі көрсетіледі: бұл жеке кəсіпкер бола ма, жекеменшік кəсіпорын немесе серіктестік бола ма. Егер бұл серіктестік болса, сол өздеріне негізделген шарттарды келтіру қажет. Келешек бизнестің құрылымдық ұйымдастырылуы (құрылымы) көрсетіледі. Қызметкерлердің саны туралы жəне штаттың кеңейтілуі туралы, ма мандарды оқыту мен даярлау туралы, сондай-ақ кеңес берушілерді, кеңесшілерді, менеджерлерді тарту туралы мəліметтер беріледі. Бұдан əрі кəсіпорынға жетекшілік ету мен басқару мəселелері қаралады. Басқарушы топтың қандай ұстаным бойынша құрылғаны түсіндіріледі жəне оның əрбір мүшесінің рөлі суреттеледі. Басқарушы топтың барлық мүшелерінің өмірбаяны бойынша қысқаша мəліметтер келтіріледі. Бүкіл команданың білімі мен біліктілігіне талдау жүргізіледі.

  • Қаржылық жоспарҚаржылық жоспар бизнес-жоспардың құрамдас бөлігі болып табылад...

    28 слайд

    Қаржылық жоспар
    Қаржылық жоспар бизнес-жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспардың негізгі көрсеткіштеріне сатудың көлемі, пайда, капиталдың айналымы, өзіндік құн жəне т.б. жатады. Қаржылық жоспар 3-5 жылға арнап жасалады жəне оған мыналар жатады: табыс пен шығынның болжамы, ақшалай түсімдер мен төлемдердің болжамы, алғашқы жылға арналған баланстың болжамы. Қаржылық жоспарды жасау кезінде нақты ақша ағымының (қолма-қол ақша ағымының) жағдайына, кəсіпорынның тұрақтылығына, қаражат көздері мен қаражаттың пайдаланылуына талдау жасалады. Залалсыздық нүктесі белгіленеді.

  • Қоршаған ортаның аспектілері, əлеуметтік аспектілерБизнес-жоспардың бұл бөліг...

    29 слайд

    Қоршаған ортаның аспектілері, əлеуметтік аспектілер
    Бизнес-жоспардың бұл бөлігінде өнім өндірудің қоршаған ортаға тигізетін əсері талданады. Нақты жағымды жəне жағымсыз жақтары, сондай-ақ мемлекеттің осындай өндіріспен байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптары бағаланады. Өндірістің əлеуметтік аспектілеріне де баға беру қажет. Олар жоспар өздеріне арнап жасалып отырған негізгі топтардың бірі ретінде мемлекеттік органдар немесе заң шығарушылар болып отырған болса, ерекше маңызды болып табылады.

  • Тəуекелдікті бағалауƏрбір жаңа жобаның жолында оның жүзеге асырылуына қауіп т...

    30 слайд

    Тəуекелдікті бағалау
    Əрбір жаңа жобаның жолында оның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Қауіп-қатер бəсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ, техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін. Кəсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап жəне соларды жеңу стратегиясын алдын-ала əзірлеп қою өте маңызды. Бизнес үшін тəуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым жəне объективті түрде көрсетілуі тиіс.
    Әлеуетті тəуекелді сəттер туындаған жағдайда əрекет ету стратегиясын əзірлеп жəне солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Әлеуетті инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кəсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне жəне соларға əзір екендігіне сендіретін болады.

  • Кәсіпкердің келесі тәуекелдерді есепке алғаны дұрыс:1. Қаржылық. Бұл тәуекелд...

    31 слайд

    Кәсіпкердің келесі тәуекелдерді есепке алғаны дұрыс:
    1. Қаржылық. Бұл тәуекелдер төмендегілерге байланысты болуы мүмкін:
    2. Операциялық. Бұл тәуекелдер өндірістік процесте туындауы мүмкін.
    3. Экологиялық.
    4. Әлеуметтік. Бизнес орналасқан жердің маңында тұратын немесе жұмыс істейтін тұлғалардың орналасқан жерге көңілі толмау тәуекелі.
    5. Қылмыстық.
    a. Кәсіпкердің заңды бұзу тәуекелі, мысалы, Салық Кодексі.
    b. Кәсіпкерге қарсы қылмыстық әрекеттер жүргізу тәуекелі.
    6. Беделдік. Өз беделін жоғалту тәуекелі.
    7. Маркетингтік. Клиенттің ықыласы өзгеру немесе бәсекелестік тартыстың шиеленісуіне байланысты тәуекелдер.

  • ҚосымшаларКөп жағдайларда әлеуетті серіктестер немесе инвесторлар үшін бизнес...

    32 слайд

    Қосымшалар
    Көп жағдайларда әлеуетті серіктестер немесе инвесторлар үшін бизнес-жоспарда көрсетілген фактілер мен қорытындыларға растау ретінде соларға құжаттарды қосарлау қажет болып жатады. Мұндай құжаттарға келісімшарттардың, лицензияның жəне т.б. көшірмелері, өздерінен бастапқы мəліметтер алынған құжаттардың көшірмелері, жеткізушілер мен бəсекелестердің бағалық анықтамалары, статистикалық материалдар, ғылыми, сондай-ақ маркетингтік зерттеулердің материалдары жəне өзге де көптеген нəрселер жатуы мүмкін. Қосымшалардың міндетіне бизнес-жоспарды сендіретіндей ақпаратпен толықтыру жатады. Ә ртүрлі бизнес-жоспарлардың үлгілерімен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ www.damu.kz сайтынан таныса аласыз.

  • Бизнес-жоспардың құрылымыТүйіндеме 
Кіріспе 
1. Жобаның тұжырымдамасы 
2. Өні...

    33 слайд

    Бизнес-жоспардың құрылымы
    Түйіндеме
    Кіріспе
    1. Жобаның тұжырымдамасы
    2. Өнімнің сипаттамасы
    3. Маркентинг және сату бағдарламасы
    3.1 Нарықты бағалау және маркетингтік зерттеу
    3.2 Маркетинг жоспары
    3.3 Сауда жоспары
    4. Өндірістік бағдарлама
    4.1 Ө ндіріс жоспары
    4.2 Шикізат және материалдар
    5. Техникалық жоспарлау
    5.1 Ө ндірістің технологиялық процесі
    5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
    5.3 Жабдықтар мен құрал-саймандар
    5.4 Коммуникациялық инфрақұрылымдар
    6. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер
    6.1 Ұйымдастырушылық құрылымы
    6.2. Кадрлық саясат және қызметкерлерге кеткен шығынды бағалау

  • 7. Жобаны жүзеге асыру 
7.1 Жүзеге асыру жоспары 
7.2 Жобаны жүзеге асыруға к...

    34 слайд

    7. Жобаны жүзеге асыру
    7.1 Жүзеге асыру жоспары
    7.2 Жобаны жүзеге асыруға кеткен шығындар
    8. Пайдалану шығыны
    8.1 Шикізат және материалдар
    8.2 Орамасына кеткен шығындар
    8.3 Коммуналдық шығындар
    8.4 Көліктік шығындар
    9. Жалпы және әкімшілік шығындар
    9.1 Ғимаратты жалға алу
    9.2 Амортизациялық есептеулер, техникалық қызмет көрсету, жөндеу
    9.3 Жарнама
    9.4 Салықтар
    9.5 Басқа да шығындар
    10. Капитал мен қаржыландыру қажеттілігі
    10.1 Капиталға деген қажеттілік
    10.2 Қаржыландыру бағдарламасы
    11. Жобаның тиімділігі
    11.1 Ақша қозғалысы туралы болжам
    11.2 Пайда мен шығынды есептеу
    11.3 Баланс туралы болжам
    11.4 Қаржылық көрсеткіштер
    12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ықпал
    12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
    12.2 Қоршаған ортаға әсері
    13. Тәуекелдерді бағалау

Краткое описание документа:

1.
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі

2.
Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі.
Бизнес-жоспардың әлеуметтік-экономикалық мәні.

3.Бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

Жоспарлау – бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын, жоспарларды жасап шығару мен тәжірибелік түрде жүзеге асыруды қарастыратын кешенді қызмет.


Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 176 136 материалов в базе

  • Выберите категорию:

  • Выберите учебник и тему

  • Выберите класс:

  • Тип материала:

    • Все материалы

    • Статьи

    • Научные работы

    • Видеоуроки

    • Презентации

    • Конспекты

    • Тесты

    • Рабочие программы

    • Другие методич. материалы

Найти материалы

Другие материалы

  • 27.09.2019
  • 235
  • 1
  • 27.09.2019
  • 410
  • 3
  • 27.09.2019
  • 839
  • 2
  • 27.09.2019
  • 451
  • 0

Рейтинг:
5 из 5

  • 27.09.2019
  • 1273
  • 22
  • 27.09.2019
  • 775
  • 3

Рейтинг:
3 из 5

  • 27.09.2019
  • 4771
  • 311
  • 27.09.2019
  • 1187
  • 45

Вам будут интересны эти курсы:

  • Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»

  • Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»

  • Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»

  • Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: теория и методика преподавания в образовательной организации»

  • Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС технических направлений подготовки»

  • Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»

  • Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»

  • Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации как средство привлечения новых клиентов»

  • Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в вузе в условиях реализации ФГОС»

  • Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»

  • Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»

  • Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление процессом по предоставлению услуг по кредитному брокериджу»

Презентация на тему: » Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес- жоспарлау.» — Транскрипт:



1


Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес- жоспарлау


2


Кәсіпорындағы жоспарлардың жіктелуі Бизнес-жоспар және оны әзірлеу әдістемесі, оның негізгі тарауларының мазмұны мен сипаттамасы


3


Жоспарлау-қазіргі экономика ғылымының маңызды құрамдас бөлігі, ол кәсіпорынның мақсатына жетуі мен қоғамның қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатымен шектеулі өндірістік ресустарды тиімді пайдалану проблемасын зерттейді. бқ Жоспарлау-қазіргі экономика ғылымының маңызды құрамдас бөлігі, ол кәсіпорынның мақсатына жетуі мен қоғамның қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатымен шектеулі өндірістік ресустарды тиімді пайдалану проблемасын зерттейді. бқ


4


Басқа анықтамары : Жоспарлау-өзінің мақсаттарына жету үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің ұтымды іс-әрекетін экономикалық негіздеу процесі Жоспарлау-бұл бизнес жүйелерініңсыртқы ортаға бейімделуі Басқа анықтамары : Жоспарлау-өзінің мақсаттарына жету үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің ұтымды іс-әрекетін экономикалық негіздеу процесі Жоспарлау-бұл бизнес жүйелерініңсыртқы ортаға бейімделуі


5


Жоспарлаудың артықшылықтары : 1.Белгіленген міндеттері ең аз шығынмен ұтымды шешуге көмектеседі. 2.Орындаушылардың іс-әрекетін үйлестіруді жақсартуға көмектеседі. 3.Ресустарды айтарлықтай ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді 4.Кәсіпорынды болуы мүмкін өзгерістерге дайындайды. 5.Орын алған жағдайды бақылауға және қалыптасқан проблеманы анықтауға көмектеседі. Жоспарлаудың артықшылықтары : 1.Белгіленген міндеттері ең аз шығынмен ұтымды шешуге көмектеседі. 2.Орындаушылардың іс-әрекетін үйлестіруді жақсартуға көмектеседі. 3.Ресустарды айтарлықтай ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді 4.Кәсіпорынды болуы мүмкін өзгерістерге дайындайды. 5.Орын алған жағдайды бақылауға және қалыптасқан проблеманы анықтауға көмектеседі.


6


Жоспарлаудың кемшіліктері 1.Жоспарда болуы мүмкін жағдайды толық ескерудің мүмкін еместігі. 2.Қабылданған шешімдердің тұрақтылығы бизнестің динамикалық дамуы жағдайында тиімсіз болып,зиянға ұшырау қаупінің туындауы. 3.Жоспарлауға жұмсалған шағындардың ақталмауы 4.Жоспарлауға қажетті ақпараттардың жеткіліксіздігі және жоспарлауға тартылған мамандардың құзіреттілігі мен біліктілік деңгейі Жоспарлаудың кемшіліктері 1.Жоспарда болуы мүмкін жағдайды толық ескерудің мүмкін еместігі. 2.Қабылданған шешімдердің тұрақтылығы бизнестің динамикалық дамуы жағдайында тиімсіз болып,зиянға ұшырау қаупінің туындауы. 3.Жоспарлауға жұмсалған шағындардың ақталмауы 4.Жоспарлауға қажетті ақпараттардың жеткіліксіздігі және жоспарлауға тартылған мамандардың құзіреттілігі мен біліктілік деңгейі


7


Жоспарлау міндеті: Директивті жоспарлау міндетті сипатқа ие болатын шешімдер қабылдауды білдіреді. Яғни,орындалуы міндетті болып табылады. Мұндай жоспарлау әкімшілік-әміршілдік жүйеге тән болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол көптеген жалпыұлттық міндеттерді шешу құралды ретінде қолданылады Индикативті жоспарлаудың директивті жоспарлаудан айырмашылығы бағыт беруші және ұсыныстық сипатқа ие болады, бірақ орындалуы міндетті болып есептелмейді. Индикативті жоспарлау басқару құралы ретінде макродеңгейде пайдаланылады.


8


Жоспарланған істің нақты іске асатындағы көрсететін экономикалық тұрғыда негізделген аналитикалық құжат. Оны бизнестің жаңа сферасын құруға немесе кәсіпорын қызметінің жаңа сферасын меңгеруге қажетті кәсіпорынның даму жоспары


Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • К?сіпкерлік ж?не бизнес негіздері 10 сынып тест
  • Как оформляются банковские реквизиты в договоре
  • К?сіпкерлік ж?не бизнес негіздері бизнес жоспар
  • Как оценить свой бизнес для продажи калькулятор
  • Кавалер наемник для бизнес леди 6 букв сканворд